Биыл әйгілі америкалық «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімі бірнеше жерде өткізілетін болды.
Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады. Шешім коронавирусқа қарсы санитарлық талаптарды сақтап, әртістердң рәсімге қатысуына мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Киномотографиялық өнер және ғылым академиясының сыйлығын марапаттау салтанаты ақпанның 23-інен сәуірдің 25-іне шегерілген еді. Мәртебелі сыйлыққа үміткерлер наурыз айының ортасында жарияланады. Ал жеңімпаздар 9 санат бойынша марапатталады.