Үндістанда мұздықтың еруінен жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Үндістанда мұздықтың еріп көшуі кезінде жоғалып кеткендерді іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы ақпарға қарағанда, мамандар су тасқыны кезінде көміліп қалған туннельдің бір нысанына кірген. Бірақ онда жұмысшылар табылмады. Құтқарушылар үңгіржолда 30-дан астам жұмысшы болуы мүмкін деп отыр.

Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Нандадеви тауынан мұздық еріп өзенге түсіп, су тасқыны жүрген еді. Салдарынан өзен ағысы бойындағы көпірлер мен үйлерді су басып, құрылысы жүріп жатқан бір туннельді құм мен тас жауып қалды. Табиғат апаты кезінде 170 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.