417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сауд Арабиясындағы әуежайға жасалған шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған

  • 102
  • UPD: 14:50, 11.02.2021
Сауд Арабиясындағы әуежайға жасалған шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған

Сауд Арабиясының Абха қаласындағы әуежайға жасалған шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғаға қатысты жауапкершілікті хуситтердің өздері мойындап отыр. Айтуынша, бұл Йеменге жасалған соққыға қарымта жауап болды. Қаскөйлердің басты мақсаты – әскери ұшақтардың көзін құрту еді.

Естеріңізге салайық, тақауда Сауд Арабияның оңтүстік-батысындағы халықаралық әуежайға ұшқышсыз апараттардың көмегімен шабуыл жасалған. Салдарынан бір ұшақ жанып кетті. Ал, адам қазасы жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы