AstraZeneca вакцинасы оңтүстікафрикалық штамды емдей алмайтыны анықталды

Оңтүстік Африка Республикасы Johnson & Johnson вакцинасын сынақтан өткізу жұмысына белсене атсалыспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған екпені жергілікті 500 мың медицина қызметкеріне салу жоспарланып отыр. Қазір бұл ұсынысты вакцинаны қолдануға рұқсат беретін құзырлы орган қарастыруда. Осының алдында елге жеткізілген «AstraZeneca» препаратының оңтүстікафрикалық штамды емдей алмайтыны анықталды. Енді африкалық мемлекет британиялық-шведтік вакцинаны қайта қату немесе айырбастау жағын ойластырып жатыр. 

Гленда Грей, зерттеуші:

– Елге барлық вакцинаны бірден әкелудің еш қажеті жоқ. Әрбір немесе екі апта сайын 80 мың дозадан жеткізіп отыру керек деп ойлаймын. Сосын әрі қарай мүмкіндікке қарай көреміз.