419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл сайын мұхиттарға 8 млн тонна пластик тасталады

  • 121
Жыл сайын мұхиттарға 8 млн тонна пластик тасталады

Сиднейде белсенділер қайықпен мұхитқа түскен қоқысты жинау акциясын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тазарту жұмысын аптасына бірнеше рет жасауға бел буған. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына сәйкес жыл сайын мұхиттарға 8 миллион тонна пластик тасталады екен. Шірімейтін қалдықтар су экологиясын ластап, ағыстарды бітеп, табиғаттағы тепе-теңдіктік бұзады. Дүниежүзілік экономикалық форумы мен «Эллен Макартур» қорының бірлесіп жариялаған зерттеуінде 2050 жылға қарай мұхиттарда балықтардан пластиктер көп болатыны туралы сұмдық дерек келтірілген. Сондықтан белсенділер тазалау жұмыстары көп және жиі жүргізілуі тиіс деп есептейді. Олар ақпан айында кемінде 200 келіге дейін қоқыс жинауға ниеттеніп отыр.

Джули Гринин, белсенді:

– 50 және 20 доллар тауып алдым. Бұл менің олжам болды. Жер бетінде 7 миллиард адам бармыз. Әрқайсымыз айналамызға немқұрайлы қарамай, аз да болса үлес қоса білсек, көп іс тындыруға болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы