Аргентинада коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн-нан асты

Өлім-жітім деректері 50 мыңға жетіп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Өткен тәуліктің өзінде елде 7 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада әлем бойынша тіркелген вирус жұқтыру деректерінің жартысына жуығы Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде анықталғанын айтады. Бұған қоса, өлім көрсеткіші де артып барады.

Айта кетейік, тақауда Аргентина ресейлік Sputnik V вакцинасын сатып алған. Бірақ уәде етілген 5 миллион дозаның орнына 820 мың данасы ғана жеткізілген.

Сондай-ақ...