Германияда мұғалімдер мен тәрбиешілер вакцинаны мерзімнен бұрын салдырады

Билік педагогтарды басымдыққа ие екінші топқа ауыстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ангела Меркельдің айтуынша, білім беру саласының 1 миллионнан астам қызметкері жазғы демалысқа дейін ерікті түрде екпе қабылдамақ. Себебі балалармен тығыз жұмыс істейтін ұстаздар қауымына елмен арақашықтық сақтау қиын. Естеріңізге сала кетейік, Германияда 22 ақпаннан бастап мектептер біртіндеп ашыла бастайды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Біз білім саласы басты назардан деп үнемі айтып келеміз. Сондықтан мектептер мен балабақшаларды ашудың маңызы ерекше. Бір апта ішінде індет жұқтырғандар саны 100 мың адамға шаққанда 35 тұрғынға азайса, шектеу шараларын жұмсартамыз. Біз жағдайды ушықтырғымыз келмейді, сондықтан асқан сақтықпен қараймыз.