Британияда алпыс жыл бойы болмаған аяз шытынап тұр

Британия тоңып отыр. Алпыс алты жыл болмаған аяз жергілікті жұртты бүрсең қақтырды.

Корольдікте ауа температурасының мұндай төмендуі соңғы 26 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Ал қазір Бремер елді мекенінде сынап бағаны -23 градусты көрсетіп тұр. Көне көздер мен мамандар сақылдаған сары аяз елде сонау 1955 жылы болғанын айтады. Тұманды Альбионда күн суытып ғана қойған жоқ, бірнеше күн қатарынан қалың қар жауғанын да айта кетейік. Соның салдарынан тас жолдарда кептеліс пайда болып, көлік қатынасына кері әсерін тигізді. Ал Трафальгар алаңындағы фонтан қатып қалған. Бұл енді жергілікті тұрғындар үшін ерекше көрініс. Олар қыстың қытымыр мінезін елеместен әлгі мұз қатқан жерді қызықтап жүр. Метеоролог мамандар суық ауа Ресей мен Скандинавия жақтан келгенін айтады.