419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда оқушылардың вирус жұқтыруы жиіледі

  • 86
  • UPD: 10:39, 12.02.2021
Францияда оқушылардың вирус жұқтыруы жиіледі

Францияда оқу жылының қысқы демалысынан кейін барлық мектеп оқушылары жаппай коронавирусты анықтайтын тест тапсыруға кірісті. Жергілікті билік күнде шамамен 200 бала тексеріледі деп жоспарлайды.

Францияда оқушылар арасында вирус жұқтыру дерегі жиі тіркелуде. Бір тәулікте орта есеппен 1700 оқушы анықталып жатыр. Ал вирустың жаңа штамдары шыққалы мектептердегі санитарлық ережелер одан бетер қатаңдатылды. Егер мұғалімдер мен балалар арасында коронавирустың мутацияға ұшыраған британдық, оңтүстік африкалық немесе бразилиялық штамдары анықталса, науқастардың санына қарай сынып немесе мектеп бір аптаға карантинге жабылады. Қазір елдегі 91 мың  мектептің шамамен 100-ге жуығы жабық тұр. Ал ПТР тест сілекей сынамасы арқылы жасалады. Ғалымдар бұл тесттің тиімділігі әдеттегі тесттен еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Әдеттегі ПТР тест сәл ауыртатындықтан мектеп оқушылары оны тапсырғысы келмейді. Тест тапсырудың жаңа әдісі 4 рет тәжірибеден өткеннен кейін медицина қызметі оны қоданысқа енгізу туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы