Албанияда су тасқынынан халық эвакуацияланды

Албанияның солтүстігіндегі су тасқыны жергілікті жұртты әуре сарсаңға салды. Билік Шкодер қаласының маңындағы елді мекен тұрғындары мен үй жануарларын эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Құтқарушылар бірнеше отбасын қауіпсіз жерге көшірген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Буна өзені арнасынан тасып аймақтағы 5 мың гектар жер телімі топан су астында қалды. Қазір қауіпті аймақтарды тазарту үшін арнайы техника мен әскерилер жұмылдырылды. Халыққа азық-түлік жеткізу үшін кей жерлерге құтқарушылар қайықпен жетуге мәжбүр. 

Вольтана Адеми, Шкодер қаласының мэрі:

- Қазір аймақтағы жағдай қиын болып тұр. Судың деңгейі белуарға дейін жетеді. Жергілікті тұрғындар әбден қиналып қалды. Оларға барынша көмек көрсетіліп жатыр.