Владикавказда супермаркетте жойқын жарылыс болды

Владикавказдағы «Магнит» супермаркетінде жойқын жарылыс болды, ғимарат опырылып түсті, деп хабарлады ТАСС.

Оқиғаның себебі белгісіз. Апат салдарынан бір адам жарақат алды деген болжам бар, ол супермаркеттің күзетшісі болуы мүмкін.

Сондай-ақ республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, үйінділер астында адамдар болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.