Түрікменстан президенті өз ұлын жоғары лауазымды қызметке тағайындады

Сердар Бердімұхамедов бұған дейін Түрікменстанның өндіріс және құрылыс министрі қызметін атқарған.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің 39 жастағы ұлы Сердар Бердімұхамедовті вице-премьер қызметінее тағайындады. Одан бөлек ол елдің Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік кеңесінің мүшесі атанды. Бұл туралы Turkmenportal хабарлады.

Ұлын бұл қызметке тағайындау үшін президент үкіметтегі орынбасарларының санын арттырған. Қаулыға сәйкес, бұл қадам министрлер кабинеті мен Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік кеңес жұмысын жақсарту үшін жасалған.

Президент жаңа вице-премьердің міндеттеріне мемлекеттік және қоғамдық – денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экономика салаларын цифрландыру және инновациялық технологиялар ендіру кіретіні айтылған.