Германия шекарасында шектеу шаралары күшейтілді

Германия билігі Чехия мен Австрияның федералды жері болып саналатын Тирольдан келгендер үшін шекарасын уақытша жаппақ ниетте.

Бұған бұл өңірлерде тарап жатқан коронавирустың жаңа штамы себеп.

Атап айтқанда, Чехия жерінде британдық штамм ушықса, Тирольда оңтүстік африкалық штамм етек жайып барады.

Шешімді канцлер Ангела Меркель мен вице-канцлер Олаф Шольц мақұлдады. Жаңа ереже ақпанның 14-інен бастап күшіне енеді. 

Айта кетейік, бұған дейін неміс үкіметі Бразилия, Ұлыбритания, Ирландия, Португалия мен Оңтүстік Африка Республикасынан келгендер үшін шекарасын жапқан еді. Жалпы Германиядағы локдаун наурыздың 7-сіне дейін ұзартылды.