COVID-19: Францияда британдық штамм тоқтаусыз таралып барады

Коронавирустың британдық штамы Францияда жайылып барады. Статистика бойынша инфекцияның бұл түріне ел бойынша тіркелген науқастардың төрттен бір бөлігі шалдыққан.

Оған қоса аймақта вирустың өзге де штамдары табылды. 17 мың нақастың шамамен 5 проценті оңтүстік африкалық және бразилиялық штамдарына шалдыққан. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Оливье Веран хабарлайды. Жергілікті билік індеттің жаңа толқынын болдырмау үшін елде қосымша шектеу шараларын енгізуі мүмкін дегенді алға тартты.