Владикавказдағы жарылыстан үйінді астында адамдар қалған болуы мүмкін

Владикавказ қаласындағы 3 қабатты «Магнит» сауда орталығында  жойқын жарылыс болды.

Оқиғадан ғимарат толығымен опырылып түскен. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Апат салдарынан бір адам жарақат алды деген болжам бар. Зардап шеккен сауда орталығының күзетшісі болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, үйінділер астында адамдар болуы ықтимал. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ...