427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия парламенті төтенше жағдай режимін ұзартудан бас тартты

  • 171
  • UPD: 16:22, 13.02.2021
Чехия парламенті төтенше жағдай режимін ұзартудан бас тартты

Чехия парламенті елде төтенше жағдай режимінің мерзімін ұзартудан бас тартты.

Шенеуніктердің айтуынша, шектеу шаралары ел экономикасын тығырыққа тіреді. Сонымен қатар парламент мүшелері аймақтағы мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы күндізгі оқу форматын қайта жандандыруды талап етіп отыр.

Алайда елдің денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, театр, мұражай, сауда орындары сияқты қоғамдық жерлердің ашылуы коронавирустың қайта ұшығуына әсер етті. Оған қоса мамандар аурудың өлім-жітім көрсеткіші әлі де болса жоғары деңгейде екенін алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы