Австриядағы Тироль аймағында шектеулер қатаңдатылды

Австрияда коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы анықталған Тироль аймағына карантин енгізіліп, өңірге кірер жолдарға тексеру бекеттері қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны әскерилер күзетеді. Енді мұнда вирусты жұқтырмағаны туралы тест анықтамасы бар азаматтарға ғана кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Ал тексеру бекеттерінде 15 минутта дайын болатын экспресс-тест тапсыру орындары ашылған. Еске сала кетейік, Тироль аймағында бірнеше күн бұрын коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы 300-ге жуық адамнан анықталған болатын.

жергілікті тұрғын:

– Көрші аймаққа күнара жұмысқа баратындықтан шектеу маған өте қолайсыз. Себебі әр өткен сайын дерттен таза екенімді дәлелдейтін қағаз көрсетуім керек. Сондықтан шектеу тезірек аяқталса, жақсы болар еді.