419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавируспен күреске иттер қолданылып жатыр

  • 103
  • UPD: 08:17, 13.02.2021
АҚШ-та коронавируспен күреске иттер қолданылып жатыр

АҚШ-тағы Флорида халықаралық университетінде коронавируспен күреске иттер қолданылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салпанқұлақтар күн сайын оқу орны ғимараттарын тексеріп, студенттер мен мұғалімдерді кеселден қорғаумен айналысады. Олар жергілікті криминалистика институтында жарылғыш заттарды иіскеп табу әдісімен жаттықтырылған. Енді күн сайын аудиторияларды, кітапханаларды, зертханалар мен дәліздерді аралап, тексереді. Мамандардың айтуынша, иттердің вирусты анықтау қабілеті 90 процентті құрайды.

Джулиан Мендель, Майами халықаралық криминалистика институтының доценті:

– Егер қажет болса иттерімізді қайта үйретіп шығуға болады. Бірақ қазір олар дертті жұқтырғандарды анықтауда таптырмас көмекшімізге айналды. Мақсатымыз – адамдарды кеселден барынша қорғау.

Хабар 24 телеарнасы