Францияда тұрғындарға вакцинаның бір дозасы ғана салынады

Коронавируспен ауырып шыққан француздарға енді вакцинаның бір ғана дозасы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел үкіметі осындай шешім қабылдады. Мұндай жағдай, препараттарды жеткізу қиындықтарымен байланысты болып отыр. Оның үстіне, билік өкілдерінің айтуынша, иммундық жүйенің есте сақтау қасиеті арқасында ағзаға вакцинаның бір дозасы да жеткілікті екен.

Айта кетейік, Еуроодақ аумағында қолдануға рұқсат етілген вакциналардың үшеуі де азаматтарға екі рет салынуы қажет.

Сондай-ақ...