Сингапурде көліктің дүкенге соғылуынан бес адам қаза тапты

Сингапурдың орталығындағы дүкенге көліктің соғылуынан бес адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды.

Оқиға барысында «BMW» маркалы көлік дүкен орналасқан үш қабатты ғимаратқа соғылған. Көлікте болған бес адамның барлығы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адамды күйік шалған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Апаттың себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Straits Times