414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

  • 126
  • UPD: 10:46, 14.02.2021

 

Боран басталмай тұрып шаһар басшылығы жолдарды тазарту жұмыстарына 8 күн кететінін айтқан болатын. Жалпы синоптиктердің соңғы болжамы бойынша тоқтаусыз жауып тұрған қар жексенбі күні кешкісін бір тоқтайды. Сөйтіп, оның арты қатты аязға ұласады. Елдің еуропалық бөлігіндегі бірқатар облыста ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмен түсуі мүмкін. Бұл осы өңірдегі климаттық нормадан 12 градусқа төмен екен.

БЛИЦ:

- Қалың қар кесірінен велосипедпен жүру қиындап кетті. Соған қарамастан клиенттеріміздің тапсырысын уақытысында жеткізуге тырысып жатырмыз.

- Жағдай қиын. Жолдар өте тайғақ.

- Баллмен есептесек 9-10 шығар.

Хабар 24 телеарнасы