Чилиде шеру соңы қақтығысқа ұласты

Чили астанасы Сантьягода жүздеген адам үкіметке наразылық білдіріп, көшеге шықты.  Шеру соңы тәртіп сақшыларымен  қақтығысқа ұласты.

Ашуға булыққан жұрт полицейлерге тас пен бөтелке лақтырып, көліктерге зақым келтіруге тырысты. Өз кезегінде күштік құрылым өкілдері наразы топты тарату үшін су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды.

Әзірге тәртіпсіздік кезінде қанша адамның зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ.