Йемен қарулы күштері Сауд Арабиясының тыңшы дронын атып түсірді

Йеменнің қарулы күштері мен оларға одақтас содырлар тобы Сауд Арабиясына тиесілі тыңшы дронды атып түсірді.

Интернетте Магриб провинциясының үстімен ұшқан ұшу аппаратын атып түсірген видео жарияланды.

Йеменнің әуе қорғанысы күштері құлатқан CH-4 маркалы дрон болып шықты. 

Йеменге қарсы араб коалициясы ұшырған бұл дронның түрі 3500-5000 шақырым жерге дейін ұшып бара алады, ұшу уақыты шамамен 30-40 сағатқа дейін жетеді. Сондай-ақ аппарат алты зымыран алып ұша алады, сонымен қатар онымен шамамен 250-345 килограмм зат тасымалдауға болады.

Дрон «ауа-жер» класты зымыранмен 5000 метр биіктен ата алады, сол себепті оны мұнша биіктіктен көптеген зенитті қару атып түсіруге қауқарсыз.

Айта кету керек, Йемен әскерилері осымен Сауд Арабиясының осындай бесінші аппаратын атып құлатты.

presstv.com

Аударған: Г.Абилова