Арменияда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Арменияда күші 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Табиғи апат ошағы Ереваннан 13 шақырым жерден өтіп, кіндігі 2 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

EMSC

Аударған: Г.Абилова