Бельгияда шаштараздар жұмысын қайтадан бастады

 

Бірақ қазіргі жағдайға байланысты барлығы санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Яғни сақтық мақсатында салон ішінде әр адамға кемінде 10 шаршы метрден бөлінуі керек. Бұдан бөлек жиһаз және құрал-саймандар үнемі залалсыздандырылып отырылуы қажет. Жалпы елдегі шектеу шаралары алдағы уақытта біршама жеңілдеуі мүмкін. Мәселен, келесі айдан бастап Корольдіктегі сұлулық салондары да қайта қызмет көрсете бастайды.

Марина Сакалова, шаштараз иесі:

- Бір шаштараз бір клиентпен ғана жұмыс істейді. Құрал-саймандардың бәрі бір реттік болуы тиіс. Сонымен қатар салон іші үнемі желдетіліп тұруы қажет. бізде күту бөлмесі жоқ. Көріп тұрғандарыңыздай, мына жер бос тұр. Өйткені талапқа сай азаматтар өз кезегін сыртта күтулері керек.