Жапонияда жойқын жер сілкінісі тіркелді

Жапонияда қуаты 7 баллдан асатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерасты дүмпулері ең қатты елдің солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында сезілген.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апаттың ошағы Тынық мұхитында болған. Осыған байланысты Жапонияның метеорологиялық қызметі цунами қаупін жариялады. Дегенмен, оның күші жойқын емес екенін жеткізді. Айта кетейік, қазір Жапонияның шұғыл әрекет ету қызметтері елдің 10 өңірінде сезілген зілзаладан қанша адамның зардап шеккенін анықтап жатыр.

Сондай-ақ...