Ұлыбританияда AstraZeneca вакцинасы балаларға сыналады

Ұлыбританияда AstraZeneca әзірлеген вакцина балаларға сыналмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 300 еріктіні тарту көзделген. Тестілеу Корольдіктің үш қаласында өтеді. Олар: Лондон, Саутгемптон және Бристоль. Ғалымдардың айтуынша, алдыңғы зерттеулер вакцинаның ересектерге қауіпсіз екенін көрсетсе, қазіргі сынақ арқылы препараттың 6-17 жас аралығындағы балаларға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша алғашқы екпе осы айда егілуі тиіс.

Эндрю Поллард, вакцина әзірлеуші топтың жетекшісі:

- Екпе егілгеннен кейін азаматтар бірнеше күн бойы өздерін әлсіз сезінетіндерін білеміз. Енді вакцинаның балаларға қалай әсер ететінін анықтау қажет.