Жапониядағы жер сілкінісінен 100-ге жуық азамат зардап шекті

Жапонияда болған жер сілкінісінен 100-ге жуық азамат зардап шеккен.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Бірақ нысандарға айтарлықтай зақым келмеген көрінеді. Айта кетейік, кеше түнде Жапонияның Фукусима префектурасында қуаты 7 балдан асатын жер сілкінісі тіркелді. Анықталғандай, табиғи апаттың ошағы Тынық мұхитында 55 шақырым тереңдікте болған.