Ауғанстанда жүздеген бензин тасымалдаушы көлік жарылды

Ауғанстандағы Иран шекарасына таяу тұрған Герата провинциясы маңында бес жүзден астам бензин таситын жүк көлігі жарылып, өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 адам жарақат алған. Аймақтағы жағдайға байланысты Герата губернаторы Иран билігінен көмек сұрады. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.