АҚШ-ты аяз буып тұр. Күннің суығаны сонша, бір түнде елдегі ең ірі Мичиган көлі қатып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көпірлер мен шамшырақтарды да мұз басқан. Синоптиктердің айтуынша, Америкада мұндай аяз соңғы ондаған жылда болмаған. Болжам бойынша аяздың әлі де бете қайта қоймайды.
Айта кетейік, тақауда көктайғақ салдарынан Техас тас жолында жүзден астам көлік соқтығысқан болатын.