419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай коронавирусқа қатысты құпия дерегімен бөліспеген

  • 129
  • UPD: 21:47, 14.02.2021

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларына коронавирустың пайда болуына қатысты деректерді ұсынудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Уханьға барған мамандардың бірі The Wall Street Journal басылымына берген сұхбат барысында айтты. Ғалымның сөзінше, сарапшылар вирустың қалай шыққанын анықтау үшін Қытайға барғанда, ел билігі коронавирус жұқтырудың алғашқы 179 дерегі жайлы мәліметтерді ұсынудан бас тартқан. Оның орнына Қытай тарапы өздері жасаған талдау жұмыстарының нәтижесін көрсетіпті. Негізі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдер қандай да бір ауру бойынша бастапқы ақпаратпен бөлісуі керек. Осылайша мамандар әр жағдайды жеке-жеке зерттеуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Қытай елі әзірге ғалымның сөзіне ешқандай пікір білдірмей, үнсіз қалып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы