Үндістанда мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны артып, 49-ға жетті. Құтқарушылар бір апта бұрын болған табиғат апаты аймағынан тағы 11 адамның мәйітін тапты. Марқұмдардың бесеуі су тасқынынан құм мен тас басып қалған туннельді аршу кезінде табылды. Ал қалған 6 адамның денесі жақын маңдағы бір ауылдың маңынан шыққан.
Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. 155 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Мамандар таудағы үңгір жолда қамалып қалған жұмысшыларды тірі қалуы екіталай екенін айтады.
Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Үндістанның Уттаракханд штатындағы Гималай тауында мұз еріп өзенге түсіп, су тасқыны жүрген болатын.