Гвинея Эбола індетінің басталғанын жариялады

Гвинеяда Эболадан 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Негізі індет 7 тұрғыннан анықталған. Олар 1 ақпанда Гуеке қаласында медбикенің жаназасына қатысып, содан кейін безгек, іш өту, құсу секілді ауру белгілеріне ұшыраған.

Құзырлы органдар марқұмдармен және науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулап, тексеріп жатыр. Сондай-ақ билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен Эболаға қарсы вакцинаға тапсырыс берген. Бұдан басқа көршілес Конгодан да осы індет анықталған. Бірақ бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты емес.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 жыл бұрын Гвинеяда Эболадан 2 жарым мың адам көз жұмған болатын.

Барри Мамадоу, жергілікті тұрғын:

- Қатты қорқып тұрмын. Эболаның Гвинеяда қайта өрши бастағанын естігенде есім танып қалды. 2013-2014 жылдары болған қайғы-қасіретті қалай ұмытамыз?! Біз африкалықтар кедейміз, сондықтан бізге Эбола, коронавирус сияқты індеттерге төтеп беру қиын.

Сондай-ақ...