Нидерланд халқы шектеулерден шаршады

Амстердам тұрғындары тұтас мұз қатқан көл үстінде серуендеді. Коронавирустық шектеулерден шаршаған жұрт  далаға қуанып шығып, коньки теуіп,  кешті көңілді өткізді.

Естеріңізге сала кетейін, Нидерланд билігі елдегі коменданттық сағат режимін наурыздың 3-іне дейін ұзартты. Өйткені елдегі эпиджағдай оңалмай тұр. Індет басталғалы бері жарты миллионнан астам астам азаматтан қауіпті вирус анықталған.