Грекияны қалың қар басты

Грекияда «Медея» суық ауа ағысынан елдің орталық және солтүстік  бөлігінде қалың қар жауып, халықты әбігерге салып жатыр.

Бораннан тас жолдарды қар басып, кей аудандарда көліктердің жүруіне тыйым салынды. Коммуналдық қызмет жолдарды тазалап үлгірмей жатыр. Билік тұрғындардан үйден шықпауға кеңес беруде. Бірақ көшеде серуендеген адамдар қарасы көбейген. Ал синоптиктер мұндай ауа райы бір аптаға созылатынын айтады.