Мексика вакцинаны Үндістаннан сатып алды

Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде 3 орында тұрған Мексика шектеулерді ала бастады. Жеңілдету шаралары ел астанасы Мехико мен 31 штаттың жартысында жарияланған. Осы аптада спорт залдары, бассейндер мен шіркеулер ашылады. Сондай-ақ мейрамханаларға түнгі сағат 10-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілмек. Бірақ тұрғындар бетперде кию, әлеуметтік арақашықтық сақтау және қолын залалсындандыру талаптарын қатаң ұстануы тиіс.

Бренда Родригес, жергілікті тұрғын:

- Соңғы 2 аптада ауруханалардың науқастардан босай бастағаны рас. Бірақ адамдар босаңсып, сақтық шараларына немқұрайлы қарап кетпеуі керек. 2-3 аптадан кейін індетті қайта өршітіп алмайық.

Сондай-ақ Мексикаға Үндістанда әзірленген «АстраЗенека» вакцинасының 870 мың дозасы жеткізілді. Бұл екпені ең алдымен шалғай аймақтарда орналасқан жағдайы нашар тұрғындарға, әсіресе егде адамдарға салу жоспарланған. Билік аталған препараттың әр дозасын 4 доллардан сатып алған. Сондай-ақ Мексика алдағы уақытта «Пфайзер» және Ресей мен Қытайдың вакциналарын алдырамыз деп отыр. Жоспар бойынша үкімет жасы 60-тан асқан тұрғындарды сәуір айының ортасына дейін егуі тиіс.

Марсело Ебрард, Мексиканың сыртқы істер министрі:

- Қосымша айтарым, ертеңнен бастап «Пфайзер» екпесін жеткізу ісі қайта жанданбақ. Бұл жұмыс 3 апта бұрын тоқтап қалған еді. Енді апта сайын 500 мыңдай доза алдырып отырамыз.

Сондай-ақ...