Жаңа Зеландияда британдық штамның таралуы жиіледі

Жаңа Зеландияда соңғы күндері коронавирустың бірыңғай британиялық штаммы тіркеліп жатыр. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн мәлімдеді.

Осыған байланысты Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы Оклендте 17 ақпанда 3 күндік карантин жарияланғалы отыр. Сәрсенбіден бастап қоғамдық орындар жабылады және үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне 10 адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Ал басқа аймақтарда бір жерге жиналған тұрғындар саны 100 тұрғыннан аспауы тиіс. Сондай-ақ індет кезінде жұмыс істеуге мәжбүр ата-аналардың балаларынан өзге оқушылар мектепте емес, үйде оқиды.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

- Біз инфекциядан төнген қауіп-қатердің нақты қаншалықты деңгейде екенін әлі толық білмейміз. Сондықтан халықтан барынша сақ болуды өтінеміз. Шұғыл жұмысыңыз болмаса, сыртқа беталды шыға бермеңіздер. Шыққан жағдайда 2 метр арақашықтық сақтап жүріңіздер.