Үндістанда жүк көлігінің аударылуынан 16 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында жүк көлігі аударылып, салдарынан 16 адам қаза тапты.

Тағы бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлады штат полициясы.

Қаза тапқандардың көпшілігі – жергілікті жұмысшылар. Полиция апаттың себебін анықтап жатыр.

Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.