Мьянма қалаларына танктер кіргізілді

Мьянмада наразылық шерулерінің жалғасуына байланысты әскерилер елдің ірі қалаларына танктер кіргізді.

Бүкіл ел аумағында ғаламтор өшіріліп, желі бүгін ғана пайда болды. Халық жақын арада шерушілерді жазалау бастала ма деп алаңдап отыр. Кеше Мьичина қаласында көшеге шыққан халыққа оқ атылған. Бірақ әскерилердің билікті басып алуына қарсы бейбіт акциялар жалғасуда. Янгон қаласындағы орталық банк қызметкерлері әскерилерге қарсы азаматтық бағынбау қозғалысына қосылған.

Най Аунг Лвин, банк қызметкері:

- Қазір банк қызметкерлерінің наразылық шараларына қосылуына байланысты жауынгерлер тартылды. Әскерилер орталық банктің әрекетіне алаңдаулы. Бірақ біз тек бейбіт түрде наразылық танытып жатырмыз.

Еске сала кетейік, Мьянмада ақпанның 1-і күні төңкеріс болып, әскерилер президент Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиді қамауға алды. Қарулы күштер қолбасшысы бүкіл билікті қолына алып, елде 1 жылға дейін төтенше жағдай жариялады. 400-ге жуық адам қамалған. Содан бері әскери хунтаға қарсы толқулар басылмай келеді.

Сондай-ақ...