Ковид төлқұжаты қолданысқа енгізіледі

Наурыз айынан бастап ковид төлқұжаты қолданысқа енеді. Әлемнің 20 әуе компаниясы бұл бастаманы қолдап отыр.

Аталған төлқұжатта жолаушының вакцина алғаны және тест тапсырғаны туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұған қоса әр адам өз денсаулығына қатысты ақпаратты қосымша енгізіп, әуе компаниясы қыметкерлеріне не көші-қон қызметінің мамандарына көрсете алады. 

Ковид төлқұжатын халықаралық рейспен ұшатындар міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек. Бұл әуе қатынасындағы қауіпсіздікті күшейтіп, шекаралардың ашылуына түрткі болады дейді мамандар. Қазір тағы да ондаған әуе компаниясымен келісім жүргізіліп жатыр.