«Hyundai» 425 мыңнан астам көлікті кері қайтарады

«Hyundai» корпорациясы 425 мыңнан астам көлігін кері қайтарады. Бұл шақырту Қытай нарығына қатысты қолға алынған.

Себебі басқарудың электронды блогынан ақау шыққан. Мамандар бұл келеңсіздік тоқтың тұйықталуына әкеліп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасаған. Қайтару 16 наурызда басталмақ. Компания 2015 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 14 желтоқсаны аралығында жасалған Tucson моделін кері алдырмақшы. Аталған көліктердің ақаулы бөлшектерін жаңасына ауыстыру тегін іске асырылады.