Әскери қызметкерлер наурыз айында вакцина салдырады

Әскерилер наурыз айында вакцина салдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге вакцинаның қай түрі екені нақты айтылған жоқ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы күштерде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирус жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен де төмен. Яғни, жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу шаралары жоспарлы түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ індет тағы өршісе, Қарулы күштер халыққа медициналық көмек беруге әзір. Әскери далалық госпитальдар мен 24 дәрігерлік-медбикелік бригада ұйымдастырылды.

Сондай-ақ...