Қытай Зимбабвеге коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін таратты

Африканың оңтүстігіндегі мемлекет – Зимбабвеге коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді.

Бұл – Қытай билігінің көмегі. Соның аясында мұнда препараттың 200 мың дозасы әкелінді. Енді осы аптада елде вакциналау жұмыстары басталуы тиіс. Ең алдымен екпе медицина қызметкерлеріне, сосын қарттарға салынады. Келесі айда мұнда қытайлық «Синофарм» вакцинасының тағы 600 мың дозасы жеткізілу керек. Негізі Қытай өндірушісі 58 елге екпені тегін таратуға ниетті. Зимбабве сол препаратты алған алған алғашқы мемлекет болып отыр.

Эммерсон Мнангагва, Зимбабве президенті:

- Қытай біздің досымыз. Жасаған көмегіне мың алғыс. Осынау қиын кезеңде баршаға үміт сыйлайтын ишарат болды.

Ал, Израильде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте билік екпеге қатысты жалған ақпарат таратушылармен күресті күшейтті. Денсаулық сақтау министрлігінде әлеуметтік желіде осындай жағдайларды бақылайтын орталық ашылады. Өйткені интернетте екпеге алдын ала жазылып, бірақ белгіленген уақытта келмей қалуға шақыратын топтар көбейген. Негізі вакцинаны ашқаннан кейін оны бірнеше сағат ішінде қолдану керек. Қаскөйлер, осылайша, препараттың түкке жарамай қалуын көздеп отырса керек.

Сондай-ақ...