АҚШ-та 3 млн тұрғын жарықсыз қалды

АҚШ-тың Техас штатында қалың қар жауып, 3 миллион тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты ел президенті Джо Байден аймақта төтенше жағдай жариялап, шұғыл қаржылық көмек бөлген. Техас штатында ауа температурасы минус 28-ге дейін суытты. Қолайсыз ауа райына орай Хьюстон қаласындағы Джордж Буш атындағы халықаралық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Сиэтл шаһарында омбы қар түсіп, қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жеткен. Ұлттық метеорология қызметі аяз бен боран оңтүстікке қарай ойысуы мүмкін деп ескертуде.

БЛИЦ:

– Барлық баспанасыздарға ыстық тамақ, ұйықтайтын шағын шатырлар, жылы қолғаптар беріп жатырмыз. Осылайша мұқтаж жандарды аязда аман алып қалуға әрекет қыламыз.

Грекияның солтүстігінде соңғы 12 жылда болмаған қалың қар жауды. Қолайсыз ауа райының салдарынан бұл елде де электр жарығы өшіп, көлік қозғалысында кедергі туды. Мұнда ауа температурасы минус 20-ға дейін төмендеген. Әдетте бұл мезгілде жылылау болатын ел астанасы Афинада күн едәуір суытты. Омбы қарда қалып қойған 6 адам құтқарылған.

БЛИЦ:

– Мұндай қалың қарды соңғы 10-12 жылда көрмедім. Қалыңдығы 50 сантиметрге жетті. Мына түрімен 1 метрден асатын сияқты.