414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүниежүзілік сауда ұйымының тізгінін тұңғыш рет әйел адам ұстайды

  • 76
  • UPD: 09:56, 16.02.2021
Дүниежүзілік сауда ұйымының тізгінін тұңғыш рет әйел адам ұстайды

Бас директор болып Нигерияның бұрынғы Қаржы министрі Нгози Ивеала тағайындалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешімді Дүниежүзілік сауда ұйымының бас кеңесі қабылдады. Сондай-ақ Оконджо Ивеала осы ұйымды басқаратын алғашқы африкалыққа айналды. Ол бұл міндетіне 1 наурыздан кіріседі.

Айта кетейік, аталған орын өткен жылдың тамызынан бері бос тұрған еді. Африкалық азаматшаның тағайындалуына Дональд Трамп әкімшілігі қатты қарсылық танытқан. Тіпті экс-президент Ивеала бекітілсе, АҚШ-ты Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығарып аламын деп те сес көрсеткен. Бірақ бұл қауіп Трамппен бірге келмеске кетті.

Нгози Оконджо-Ивеала, ДСҰ-ның тағайындалған бас директоры:

– Бұрынғы АҚШ әкімшілігінің менің тағайындалуыма қарсы болғанын білгенде, аң-таң болдым. Джо Байден командасынан қолдау тапқаныма өте қуаныштымын. Осы лауазымға бекітілген тұңғыш әйел және алғашқы африкалық екенімді мақтан етемін. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – жұмысымда оң нәтижеге қол жеткізіп, пайдамды тигізу.

Хабар 24 телеарнасы