ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді

Әлемде өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рет вирусты жұқтырудың ең төменгі апталық көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан індеттің таралуы бір айдан бері бәсеңдеп келе жатыр. Бұл әр елде жұқпалы кеселге қарсы қолға алынған шаралар нәтижесі дейді Гебрейесус.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Қазір әлемде коронавирусты жұқтырудың апталық көрсеткіші екі есе азайды. Мысалы, қаңтар айының бас кезінде дүние жүзінде апта сайын вирусты 5 миллион адам жұқтырып келсе, ақпанның сегізіндегі есепте жеті күнде 2 миллион 600 мың дерек тіркеліпті. Яғни көрсеткіштерді салыстыра келе індет қарқыны бәсеңдеді деп айтуға негіз бер. Демек шектеулер мен санитарлық талаптар тіпті жаңа штамдарға қарамастан оң әсер бергенін көрсетеді. Ендеше коронавирусты бақылауға алып, онымен күресуге әбден болады.

Халықаралық ұйым саяхатшылардың еркін жүріп тұруы үшін «ковид паспорттарын» енгізу идеясына да тоқталып, бастаманы кейінге қалдыруға шақырды. Ұйымның төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райаннның пікірінше, қазір дертке қарсы вакцина барлығына бірдей қолжетімді емес. Және екпенің індеттің таралуына қалай әсер ететіні әлі толық зерттелмеген. Сондықтан осы мәселелер шешілмейінше, мұндай құжаттарды енгізу әлі ерте дегенді айтады.

Сондай-ақ...