427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Он елде коронавирустың мутацияға ұшыраған тағы бір түрі анықталды

  • 177
Он елде коронавирустың мутацияға ұшыраған тағы бір түрі анықталды

Ұлыбритания мен тағы 9 елде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Гардиан» басылымы Эдинбург зерттеушілеріне сүйеніп, жаңа штамның бразилиялық және оңтүстікафрикалық вирусқа тән қаупті беліглері барын айтады. Ғалымдар бұл дерт антиденеге де төзімді деп отыр. Ол АҚШ, Франция, Нигерия, Австралия және Иорданияда анықталған. Осыған байланысты Еуропа елдерінің денсаулық сақтау қызметтері екпе жұмысын күшейтуге шақырып отыр. Бұл індетті тездетіп бақылауға алуға мүмкіндік береді дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы