Австрияда карантиндік шектеулер наурызда жеңілдетілуі мүмкін

Австрияда карантиндік шектеулер одан әрі жеңілдетіле бастауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, министрлер кабинеті мәселені наурыздың 1-інде қарастырмақ. Бірақ билік тыйымдар тек Пасха мерекесінен ерте алынбайтынын айтады.

Айта кетейік, Австрияда өткен аптада адамдардың жүріп-тұруына салынған бірқатар шектеу жеңілдетіліп, коменданттық сағат уақыты қысқартылды. Осымен бірге мектептер ашылып, дүкендер жұмыс істей бастады.

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

– Біз елде мектептер мен дүкендер ашылғанымен індеттің таралуын бақылауда ұстай аламыз деп ойлаймын. Бірақ кей шектеулер сақталады. Оларды жеңілдетуді 2 аптадан кейін қарастыратын боламыз.