Ыстамбұл қар құрсауында қалды

Ыстамбұлда 2 күннен бері толассыз қар жауып, 16 миллиондай адам тұратын шаһар өмірінде қолайсыздық туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен мектептер жабылды. Оқу орындары келесі аптада бір-ақ ашылады. Қала әкімшілігінің мәлімдеуінше, ақ ұлпаның қалыңдығы 50 сантиметрге жеткен. Ауыр қарды көтере алмаған жүздеген ағаш құлап, жолдарды жауып тастаған. Сондай-ақ көру ауқымы шектелгендіктен, Азия мен Еуропаның арасын жалғайтын Босфор бұғазындағы кеме қатынасы тоқтатылды. Күн минус 3 градусқа дейін суытқан. Метеорологтардың болжамынша, қар 18 ақпанға дейін толастамайды. Сондай-ақ мамандар желдің екпіні сағатына 80 шақырымға жетеді деп дабыл қағуда.

Сондай-ақ...