Финляндияда қарда жүн шұлықпен жүгіру трендке айналды

Финляндияда жаңа тренд, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантиндік шектеулерден спорт залдарға бара алмай қалған белсенділер далада жүннен тоқылған шұлық киіп алып, жүгіре бастаған. Биыл қар да жылдағыдан ерекше қалың түскен. Желаяқтар ел астанасы Хельсинкиден 35 шақырым жерде орналасқан Нууксио ұлттық паркінде бас қосады екен. Сондай-ақ індет басталғалы Финляндиядағы қыз-келіншектер локдаунда үйде бос отырмай, шұлық тоқуды белсенді түрде қолға алыпты. Ал саламатты өмір салтын серік еткендер бірнеше шұлықты қабаттап киіп алып, омбы қарда орағытып жүгіреді.

Пекка Парвиайнен, тікұшақ ұшқышы:

– Жүгіру – тек спорт қана емес, сондай-ақ бақытқа бөлейтін үлкен нығмет. Табанға күшті массаж жасалады және еркіндік сезіледі. Себебі қатты аяқ киім кимейсіз.